Қазақстандықтарды Суданнан эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр

526

Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар азаматтары қақтығыс аймағынан эвакуацияланды. 

Қазақстандықтарды Суданнан эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр Фото: bbc

Судандағы соғыс қимылдары басталған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды қақтығыс аймағынан эвакуациялау мәселесін барынша пысықтауға кірісті.

Эфиопияда тіркелген бірқатар елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын Суданнан эвакуациялауға көмектесу үшін ресми өтініштер жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар азаматтары қақтығыс аймағынан эвакуацияланды. Қазақстан азаматтарын Эфиопия мен Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағы арқылы эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Эфиопиядағы ҚР Елшілігі азаматтарымызды Суданнан келісілген және қауіпсіз шығару үшін Мысырдағы және Сауд Арабиядағы ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз байланыста.

ҚР азаматтарының нақты санын анықтау және оларға Суданнан эвакуациялауға жәрдем көрсету үшін Елшілік жанынан жедел желі ашылды: +251 945 051 624 (WhatsApp), kazembethiopia@gmail.com, kazembethiopia@mfa.kz.

Елшілік Эфиопия Сыртқы істер министрлігіне, БҰҰ-ның Судан мен Эфиопиядағы бөлімшелеріне, сондай-ақ Түркия, Ресей және Жапония елшіліктеріне Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға белсенді көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу