Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалған

996

Аймақтан барлығы 14 мыңнан аса отандасымыз эвакуацияланды.  

Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалған Фото: Азаматтық авиация комитеті

Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын шығару үшін 4 млн доллар жұмсалды. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының сөзінше, қақтығыс аймағынан барлығы 14 мыңнан аса отандасымыз эвакуацияланды.

"Ол жақтағы жолаушылардың жартысы қайтар бағытқа әуе компанияларынан билет сатып алып қойған. Яғни, компаниялардың қызмет ақысының бір бөлігі төленген. Сәйкесінше біз сақтандыру тәуекеліне қатысты белгілі бір бөлігін өтедік. Бұдан басқа Дубайдағы азаматтарды жағдай тұрақтырақ болған басқа елдерге алып шығуымыз қажет болды. Осының бәріне 4 млн доллардай кетті", – деді Көлік министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу