Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жексенбіге ауыстырылды - СІМ

1072

26 ақпан күні таңертеңге жоспарланған Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау көп шақырымдық кептелістерге байланысты 27 ақпанға шегерілді, деп сенбі күні ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жексенбіге ауыстырылды - СІМ

"Бірінші репатриация рейсі 26 ақпанда таңертең жоспарланған болатын, (...) бұл 27 ақпанға ауыстырылады. Өйткені, біздің азаматтарды Польша шекарасына дейін жеткізген автобустар қазір көптеген шақырымдық кептелісте тұр", - деді Смадияров брифингте.

Оның айтуынша, "бір автобус шекара бекетінде 7 сағаттан бері тұрып жатыр".

 "Оның ішінде әйелдер мен балалар бар. Жағдайды біліп отырсыздар. Барлығынан шыдамдылық танытуды сұраймыз. Алдағы уақытта басқа да репатриация рейстері ұйымдастырылады", - деп қосты ол.

Бұған дейін Украинадан эвакуациялауға өтініш білдірген 528 қазақстандық туралы хабарланған болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу