Қазақстандықтардың 15,4%-ы референдум өткізуді қолдамайды – зерттеу

807

Биыл 9-12 мамыр аралығында Президент жанындағы ҚСЗИ референдумға қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізген. 

Қазақстандықтардың 15,4%-ы референдум өткізуді қолдамайды – зерттеу

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың 66,4% рефередумға келетінін, ал 15,4% оны қолдамайды.

Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) директоры Еркін Тұқымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумға аз уақыт қалған.

"2022 жылғы 5 маусымда еліміздің саяси жүйесінде жаңа кезең басталады. Конституциялық реформа өткізу маңызды", – деді директор ОКҚ-де өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өтетінін мәлімдеген кезде Президент жанындағы ҚСЗИ биыл 9-12 мамыр аралығында телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізгенін айтты.

"Мақсат – қазақстандықтардың конституциялық реформа мен референдумға қатысты пікірін білу. Бұл сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 өңірден 1200 респондент қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша сұраққа жауап бергендердің 66,4% рефередумға қатысуға ниетті екенін айтты. Заңға сәйкес, сайлаушылардың 55% астамы дауыс беруге келсе, референдум өтті деп саналады, яғни біз референдумға сайлаушылардың 66,4% келеді деп отырмыз", деді Еркін Тұқымов.

Әлеуметтік сауалнама дерегінше, қазақстандықтардың 70% жалпы ұлттық референдум өтетін естіген. 

"Зерттеу қорытындысына сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы бастамасын тұрғындардың 76,4% қолдайды, яғни қазақстандықтардың басым бөлігі өзгерістерді түсініп отыр.  Жалпы сұраққа жауап бергендердің 15,4% референдум өткізуді қолдамайды, ал респонденттердің 8,2% нақты таңдауын жасамаған. Соңғы сан маңызды болмаса да, елдегі әрбір оныншы қазақстандық таңдау жасамағанын көрсетеді. Сондықтан біз, сарапшылар референдумның не үшін ұйымдастырылып жатқанын қысқа, нақты түрде түсіндіруіміз керек", деді ҚСЗИ директоры.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу