Қазақстандықтардың 60 пайызы көгілдір отынға қол жеткізді

252

Бұл шамамен 12 млн адам. 

Қазақстандықтардың 60 пайызы көгілдір отынға қол жеткізді Фото: Максим Морозов

Биыл газдандыруды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел халқының алпыс пайызы немесе шамамен 12 млн адам газға қол жеткізді. Биыл газдандыруды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкіметтің іс-қимыл жоспары аясында қосымша 105,4 млрд теңге бөлінді, бұл үш жүз мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1700 километрден астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, ел тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

"Оның ішінде "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін, "Ақтөбе – Қостанай" магистральдық газ құбырын, "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырын салу бар", - деп толықтырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу