Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады

1030

2018 жылы электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша БҰҰ өткізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан 39-шы орынды иеленді.

Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады

Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады екен. Сондықтан министрлік электронды үкіметтің mGov мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Бүгінгі таңда mGov арқылы 87 қызмет пен сервисті ғана пайдалануға мүмкіндік бар.

"Бұл қосымшаны қазір 1,3 миллион азамат пайдаланып отыр. 2018 жылдың өзінде m-Gov арқылы 3,6 миллион қызмет көрсетілген", – деп толықтырды министр.

2018 жылы электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша БҰҰ өткізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан 39-шы орынды иеленді. Бұл даму қарқыны өте жоғары мемлекеттер арасындағы көрсеткіш. Біздің электронды үкімет қазір E-GOV 2.0 сатысында. Ендігі міндет – E-GOV 3.0 сатысына көтерілу. Бүгінде бұл саты Оңтүстік Корея, Аустралия, Сингапур, Ұлыбритания мен Дания елдерінде қолданылады.

"E-GOV 3.0 "Жасанды интеллект", "Проактивті қызметтер", "Интернет заттар" және басқа да технологиялық артықшылықтардан тұрады. 2021 жылы E-GOV 3.0 сатысына толық көшуді жоспарлап отырмыз. Десек те, бүгінде аталған сатының кейбір элементтері енгізіліп те қойды", – дейді министр.

Мәселен, биылдан бастап мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен алу тетігі толықтай іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу