Қазақстандықтардың 69 мемлекетте мүлкі бар

724

Мемлекеттік кіріс комитеті маманының айтуынша, өткен жылы 68 мың адам шетелдегі табысы жайлы декларация толтырған. 

Қазақстандықтардың 69 мемлекетте мүлкі бар

Қазақстандықтардың шетел банктерінде сақтайтын қаражатының көлемі 820 млрд теңгеге жеткен. Ал мүліктері 12 мыңнан асады, деп хабарлайды Atameken TV.

Мемлекеттік кіріс комитеті маманының айтуынша, өткен жылы 68 мың адам шетелдегі табысы жайлы декларация толтырған. Соның ішінде 27 мың азамат әлемнің 180 мемлекетінде сақтаған қаражаты барын көрсеткен. 820 млрд теңгенің басым бөлігі Сингапур, Швейцария, Ливан, Корея, Ресейде сақталған екен. Мұнымен қоса, қазақстандықтардың 69 мемлекетте мүлкі болып шықты.

"Қазақстандықтардың мүліктері көбінесе Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Францияда тіркелген. Ал Францияда 60-қа жуық мүлік бар. Ал біз маусым айында қосылған Страсбург конвенциясының арқасында енді қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары мен активтері туралы ақпаратты сұрай аламыз", - дейді ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Қайрат Жолмұхамбетов.

Айта кетсек, аталған Страсбург конвенциясы 124 мемлекет арасында салық жүйесіндегі ақпаратпен автоматты түрде алмасуға мүмкіндік береді. Ол құжат экономкалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерге ортақ. Мемлекеттік кіріс комитеті аталған келісімге маусымның 26 күні қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу