Қаржы министрлігі жүргізген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 80%-ы декларация тапсыруға және өз мүлкі туралы ақпаратты көрсетуге дайын екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауалнама министрліктің @qarjyminkz телеграм каналында жүргізілген. Оған шамамен 1 ай уақыт кеткен.
"Дауыс бергендердің 100%-ы декларацияны электронды түрде тапсыруды жоспарлап отыр. Сауалнамаға қатысушылар бұл ыңғайлы екенін айтады. Олардың 69%-ы декларацияны ұялы телефон және басқа гаджеттер арқылы, 31%-ы компьютер арқылы тапсыратынын айтқан. Ал қағаз түрінде декларация тапсыруға ниет білдіргендер болмаған", - деп жазды баспасөз қызметі.
Қаржы министрлігі жүргізген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 80%-ы декларация тапсыруға және өз мүлкі туралы ақпаратты көрсетуге дайын екені белгілі болған. Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 16%-ы ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірген.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.
Министрлік декларация тапсыру кезінде азаматтарға ыңғайлы және көп уақытты алмау үшін жаңа технологияларды енгізіп жатыр.
"е-Salyq Azamat мобильдік қосымшасында Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (есептілік нысаны 250.00) ұсыну бойынша сервис іске қосылады", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері барлығы 153 497 декларация (СЕН 250.00), оның ішінде е-Salyq Azamat арқылы – 115 мың декларация ұсынылған.
"е-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы декларацияны толтыру азаматтарға қиындық тудырмайды", - деп жазды баспасөз қызметі.