Қазақстандықтардың банктерде 69 млн шоты бар

849

Алдағы депозитке ақша салатындар қатары азаюы мүмкін.  

Қазақстандықтардың банктерде 69 млн шоты бар

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде 18 млн қазақстандықтың 69 млн шоты бар. Шот иелерінің дені алматылықтар. Бұл туралы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" мамандарының Atameken Business-тің сұрағына жауапта айтылған.

Одан кейінгі орында  нұр-Сұлтандықтар тұр. Дегенмен олардың саны алматылықтармен салыстырғанда үш есе аз.

Үздік бестікке сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай кіреді. Жеке тұлғалардың ашқан  салымдарының 70-пайызы осы өңірлерге тиесілі.

Қаржылық қорлары өте аз аймақтар қатарында Ақмола, Түркістан және СҚО бар.

Шарттары тиімді болғанымен, алдағы уақытта депозитке салым салатындар азаюы мүмкін. Мұндай жағдайды Ұлттық банк алдын ала болжап, базалық пайыздық мөлшерлемені 9,25 пайыздан 12 пайызға көтерген еді.  Бұл қазақстандықтардың депозитке ақша салып, қаржылық қор жинауына септігін тигізе ала ма? Бұл сұраққа қаржыгер Дәуренбек Мәжитов мырза жауап берді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу