Қазақстандықтардың банктердегі салымдары 13 трлн теңгеден асты

709

Биыл сәуірде жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдары 13,11 трлн теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың банктердегі салымдары 13 трлн теңгеден асты

Жылдық динамикада көрсеткіш 12,7%-ға артқан. 

Елдегі 22 банктің 18-і және үздік ондықтағы 9 банк плюсте.

Банктер арасында абсолют көшбасшы – Bank RBK: бір жылда плюс 47,9%, 351 млрд теңге. Бөлшек депозиттер банк салымдарының жиынтық портфелінде – 40,3%, өткен жылғы көрсеткіш – 39%.

Екінші орында мемлекеттік Отбасы банкі тұр. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне маманданған қаржы институты болып саналады (бір жылда плюс 45,2%, 2,09 трлн теңге).

Биыл Отбасы банкі екінші деңгейлі банк қатарынан шығарылып, ұлттық даму институты мәртебесіне ие болады.

Үздік үштікте – Altyn Bank: бір жылда плюс 37,8%, 211,3 млрд теңге. Банктегі жеке тұлғалардың салымдары – 35%. 

Жалпы секторда бөлшек салымдар бір жыл бұрынғы деңгейде, яғни екінші деңгейлі банктердегі жиынтық депозиттік портфелдің 51%-на тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу