Қазақстандықтардың банктерге қарызы 1 триллион теңгеге жуықтап қалды

1244

Қазақстандықтардың  банктерге қарызы 1 триллион теңгеге жуықтады.  Оның 335 миллиарды жеке тұлғалардың берешегі болса, 592 миллиардан астамы заңды тұлғалардың берешегі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстандықтардың банктерге қарызы 1 триллион теңгеге жуықтап қалды

Бұған бірінші кезекте, өткен жылы жарияланған төтенше жағдай себеп. Азаматтардың көбі наурыз бен сәуір айларында несиесін төлей алмаған.

Ал  мерзімі өткен жалпы  кредиттер бойынша көшбасшы – Алматы қаласы. Алматылықтардың банктерге қарызы 467 миллиард теңгеден асып кеткен.

Екінші орынға 141 миллиард берешекпен елордалықтар орналасқан. Несиелер бойынша қарызы аз, ұйқысы тыныштар Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысының тұрғындары екен. Тиісінше бірінде 4 екіншісінде 2 миллиард қана қарыз бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу