Қазақстандықтардың басым бөлігі ескі көліктерді сатып алады

2358

Елімізде 2019 жылдың қазан айына дейін 1,1 млн автокөлік тіркеуге қойылған. 

Қазақстандықтардың басым бөлігі ескі көліктерді сатып алады

"ҚазАвтоӨндіріс" мәліметтеріне сүйенсек, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға жоғары көрсеткіш. Жалпы тіркелген көліктердің 1 млн-ы бұрын жүрілген болса, ал 73,6 мыңы – жаңа. Ал тек қыркүйек айында 137,4 мың көлік тіркелген. Оның ішінде 128,3 мыңы екінші нарықтағы темір тұлпарлар. 

Елімізде электромобильдерге сұраныс керісінше 2,1 есе төмендеген. Яғни, жыл басынан бері 21 электр қуатымен жүретін көлік тіркелсе, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 45 болатын. 

2019 жылдың соңғы тоғыз айының қорытындысына сәйкес, қазақстандықтар 20 жылдан астам жүрген көліктерді жиі сатып алған. Биыл тіркелген осындай ескі темір тұлпарлар саны – 426 959. Бұл жыл басынан бері жалпы тіркелген көліктердің 41,9%-ы.  

Бұрын тізгінделген көліктердің басым бөлігі Алматы облысында тіркеуге қойылған (155 416). Одан кейінгі орында Алматы қаласы (127 061), Түркістан облысы (92 883). 

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы сегіз айында 1,7 мың көлік ұрланған. Қолды болған темір тұлпарлардың жалпы құны 1 млрд теңгеге бағалануда. Қазіргі кезде оның 761 млн теңгесі қайтарылған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу