Қазақстандықтардың депозиттерінде 16 трлн теңге жатыр

671

Қазақстандықтар банктерде көбірек ақша жинай бастаған, деп хабарлайды Atameken Business.    

Қазақстандықтардың депозиттерінде 16 трлн теңге жатыр

1 қарашадағы ресми дерекке сенсек, отандастарымыздың депозиттерінде 16 трлн 200 млрд теңге жатыр.

Бұл былтырғыдан 3 трлнға артық. Ең қызығы, салымдардың 5 трлн 600 млрды немесе 34 пайызы ғана заңды тұлғаларға тиесілі, қалған 10,5 трлны қатардағы халықтың ақшасы.

Жиған-тергенін қаржы институтына сеніп тапсырғандардың дені алматылықтар, шамамен 6 трлн 600 млрд теңге. Екінші орында – елорда тұрғындары. Олардың депозиттерінде 3 трлн 300 млрд бар. Ал Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының халқы ең аз ақша жинаған. Соңғысында депозиттерде небәрі 59 млрд теңге сақтаулы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу