Қазақстандықтардың доллармен есептегендегі орташа айлығы 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен тең

316

Жалақы артқанымен, баға да жарыса қымбаттап жатыр.  

Қазақстандықтардың доллармен есептегендегі орташа айлығы 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен тең Фото: Inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 350 542 теңге болды. Орташа тоқсандық бағам бойынша бұл көрсеткіш 770 долларды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Осыдан 10 жыл бұрын яғни 2013 жылдың шілде айында да осындай көрсеткіш тіркелген (739 доллар). Ресурстың жазуынша, қазіргі нәтиже өткен тоқсанға (814 доллар) қарағанда нашар. Алайда 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жақсырақ.

"Ұлттық валютада орташа жалақы өткен тоқсанға қарағанда да төмендеген: номиналды мәнде -4,1%, инфляцияға қатысты -5,7%. Десек те, жылдық деңгейде өсім байқалады: +16,9%. Негізінен алғанда нақты мәнде орташа жалақы бір жылда 3,5 пайыз қосты", - деп жазады DataHub.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу