Қазақстандықтардың экзотикалық елдерге саяхаты қауіпті аурулардың әкеліну қаупін арттыруда

852

Бұл туралы еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин айтты.

Қазақстандықтардың экзотикалық елдерге саяхаты қауіпті аурулардың әкеліну қаупін арттыруда Фото: ortcom.kz

Бүгін ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин инфекциялық аурулар бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ortcom.kz. 

"Бүгінгі таңда қазақстандық туристердің шетелге шығу сапарлары кеңейді, яғни біздің туристер бізге таныс елдерге ғана емес, экзотикалық елдерге де барады. Бұл – Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Бразилия, Доминикан Республикасы, Мальдив. Осының бәрі бірден, ал кейбіреулері бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралу қаупін арттырады", – деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанда Тайланд, Үндістан, Сингапур және Вьетнамнан әкелінген Денге қызбасының 9 жағдайы және тырысқақтың 10 жағдайы тіркелген.

Осылайша, Қазақстанға инфекциялардың сырттан әкеліну қаупі үнемі бар екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, шетелге демалуға шығатын туристерге комитет сайтында орналастырылған жадынамада көрсетілген барлық ұсыныстарды ескеру қажет екендігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу