"Атап айтсақ, 1,9 млрд теңгеге көшу шығындары мен үй жалдау құны кіреді. Өзге аймақтан қоныс аударғандар мектеп, балабақшамен қамтылады. Олардың жаңа бизнес ашу үшін мемлекеттік гранттар алуға мүмкіндіктері бар",– деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.
Министрлік өкілдері қоныс аударатын әр отбасы мүшесіне бюджеттен 35 АЕК (88 375 теңге) көлемінде арнайы субсидия бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, әр шаңырақтың үй жалдау шығындарына 15 АЕК-тен (37 875 теңге) 30 АЕК-ке (75 750 теңге) дейін қаржы қарастырылған.
Бұл ретте министрлік Солтүстік Қазақстан облысына көшіп баратындарға арналған үй салу жұмыстары сынақ режимінде басталғанын хабарлады. Жалпы 428 үй салуға ел бюджетінен 3 млрд теңге бөлінді.
Естеріңізге сала кетсек, ерікті қоныс аударуға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Шымкен қаласының тұрғындары қатыса алады. Олар жұмыс күші аз Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына мемлекеттік "Еңбек" бағдарламасы аясында ерікті түрде көше алады.
Бұған дейін солтүстік өңірлерге қоныс аударатындарға ел бюджетінен шамамен 1 млрд теңге қаржы бөлінетіні айтылған.