Қазақстандықтардың Еуропаға саяхаты қымбаттай түсуі мүмкін

273

Еуропалық Одаққа мүше емес елдердің азаматтары үшін Шенген визалары қымбаттауы мүмкін7

Қазақстандықтардың Еуропаға саяхаты қымбаттай түсуі мүмкін Фото: DW

Еурокомиссия визалық алымды 12 пайызға арттыруды мәселесін қозғады. Егер Еуроодақтың барлық мүшесі бұл бастаманы қолдаса, жаңашылдық биыл күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комиссия ұсынысына сәйкес, визаның құны 80 еуродан 90 еуроға, ал балаларға 40 еуродан 45 еуроға көтеріледі. Еуроодақпен ынтымақтастық орнатпаған елдер өз азаматтарын депортациялаған кезде немесе визалық режимді сақтау мәселесінде виза тарифтерінің қымбаттауы тәрізді қиындыққа тап болуы мүмкін.

Жалпы Еурокомиссия виза алымдарының бағасын әр үш жыл сайын жаңартып отырады. Соңғы өзгерістер 2020 жылы болды.

Сонымен қатар Еуроодақ цифрлық Шенген визасын іске қосуды жоспарлап отыр. Комиссия 2022 жылы оны әзірлеу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Туристер визаны қай елге баратынына қарамастан онлайн режимінде ала алады. Бұл төлқұжат жасаудағы қағазбастылықтан арылып, электрондық форматқа өтуге мүмкіндік береді. Еурокомиссия мәліметінше, цифрлық жүйе 2028 жылы енгізілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу