Қазақстандықтардың қаншасы қолма-қол ақшаны пайдаланады

583

Ұлттық банкі "Қолма-қол ақшаны пайдаланудың орта мерзімді перспективалары" тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін жариялай бастады.

Қазақстандықтардың қаншасы қолма-қол ақшаны пайдаланады

Қазақстандағы экономика субъектілерінің төлем қалауы туралы зерттеу алғаш рет жүргізіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы ұйымының мәліметінше, мұндағы негізгі мақсат – қолма-қол ақша айналымының даму тенденцияларын, қолма-қол ақшаға сұранысты қалыптастыратын факторларды анықтау, сондай-ақ экономика субъектілерінің қолма-қол ақша мен олардың номиналды құрылымын пайдалануын зерттеу.

"Зерттеу сауалнама әдісімен үш кезеңде жүргізілді. Сонымен қатар, респонденттердің төлем күнделіктеріне талдау жасалды, оның көмегімен респонденттер апта ішінде барлық шығындарын тіркеді: сомалар, төлем орны, төлем әдісі және т. б.

Сауалнамаға 9 628 респондент қатысты, оның ішінде 6 095 жеке тұлға, 3 533 кәсіпкерлік субъекті бар. Зерттеу Қазақстанның 17 облысын және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды", - деп жазды Ұлттық банктен.

Ондағы мәліметтерге қарағанда респонденттердің 60 %-ы қолма-қол ақшаны күнделікті есеп айырысу үшін, 72 %-ы қолма-қол ақшаны алу үшін банк картасын пайдаланады. 31%-ы шағын және орта номиналдардағы сұранысты атап өтсе, қатысушылардың аптасына қолма-қол шығыстарының орташа мөлшері 27 мың теңгені құрады. Олардың шығыстарының қолма-қол ақшаға тиесілі үлесі - 35%. 74%-ы қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын пайдаланады, кәсіпкерлер айналымындағы қолма-қол ақшаның үлесі - 35%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу