Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер үшін қарызы 11 млрд теңгеден асты

1374

Ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында сақталып отыр.

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер үшін қарызы 11 млрд теңгеден асты

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ИИДМ басшысы Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында баяндады.

Оның айтуынша, ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында сақталып отыр – 2,6 млрд теңге. Ал Нұр-Сұлтанда – 1,7 млрд теңге, Маңғыстау облысында – 1,5 млрд теңге, Шымкент қаласында – 1,3 млрд теңге көлемінде сақталып отыр.

Сондай-ақ, 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында берешектің 533 млн теңгеге өсуі байқалады. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда қарыздардың төмендеуі Шымкент қаласында 1,1 млрд теңгеге және Нұр-Сұлтан қаласында 568 млн теңгеге жетті. 

Дебиторлық берешек бойынша ең төмен көрсеткіштер Алматы облысында байқалады — 5 млн теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу