Қазақстандықтардың көпшілігі Швейцарияда қалуды жөн санады – ҚР СІМ

718

26 азаматымыз Мәскеу, Ыстамбұл және Минск арқылы Қазақстанға қайтты.  

Қазақстандықтардың көпшілігі Швейцарияда қалуды жөн санады – ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша Швейцарияда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілгеннен бері, елшіліктің көмегімен 26 азаматымыз Мәскеу, Ыстамбұл және Минск арқылы Қазақстанға қайтқан, олардың 18-і – студент.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Минск қазақстандықтардың Швейцариядан оралуы үшін жалғыз дәліз болып отыр.

"Қазақстандықтардың көпшілігі ұшу кезінде ауру жұқтыру қаупіне байланысты Швейцарияда қалу туралы шешім қабылдады. Елшілік Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста. Елшіліктің веб-сайт, әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан азаматтары коронавирустық пандемия кезінде Қазақстан мен Швейцарияда қабылданған шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде алып тұрады",– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу