Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиелері 86 млрд теңгеге жетті

980

Несие бойынша қарызы аз өңір – Түркістан облысы. 

Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиелері 86 млрд теңгеге жетті

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, мерзімі өткен несиелер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне 1,03 трлн теңге болған.  2019 жылдың дәл осы кезеңінде бұл сома 942,7 млрд теңге болған. Осылайша, бір жыл ішінде мерзімі өткен берешек 9,5% немесе 86 млрд теңгеге өсті.

Бұл ретте ұлттық валютадағы мерзімі өткен несие  835,9 млрд теңгені, ал шетел валютасында 192,7 млрд теңгеден асты.

Мұндай несиелер бойынша Алматы әлі күнге дейін көш бастап келеді - 564,8 млрд теңге (+ 1,1%). Екінші орында Нұр-Сұлтан тұр, мұнда банктер алдындағы қарыз мөлшері 130,6 млрд теңгені құрайды (+ 37%). Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы - 87,1 млрд.теңге (+ 73%).

Шымкентте мерзімі өткен несиелер көлемі  36,6 млрд теңгеге жетті (+ 10,5%).  Ал Атырау облысы 34,5 млрд теңгені құрады. Одан кейін 31,3 млрд теңгемен Қарағанды ​​облысы және 21,2 млрд теңгемен Павлодар облысы келеді.

Ең аз қарыздар тұрғындар – Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысының тұрғындары. Олар 5,7 млрд және 2,3 млрд теңге берешек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу