Қазақстандықтардың микронесие алу тәртібі өзгереді

298

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізбек.  

Қазақстандықтардың микронесие алу тәртібі өзгереді Фото: gov.kz

Қазақстанда шағын несие беру тәртібіне өзгеріс енгізілмекші. Бұдан-былай микронесиені электронды түрде алғысы келгендер биометриялық тексерістен өтуі тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізбек. Қазір "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта микронесие рәсімдеудің алдында енді биометриялық сәйкестендіру жүргізілетіні жазылған.

"Клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде СДАО қызметін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі немесе микроқаржы қызметін ұсынатын ұйымның құрылғысы арқылы алынған биометриялық деректер пайдаланылады", – делінген қаулыда.

Клиентті жеке кабинетке тіркеген соң, қарыз алушы жеке кабинетіне қайтадан кіру үшін токен, смарт-карта немесе бір реттік құпиясөзді қолдана алады.

Клиенттің ұялы телефонының абоненттік нөміріне немесе банктік шотының деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін биометрия қажет болады. Сол сияқты МҚҰ мен клиент арасында микрокредит беру туралы шарт жасасу, құжатқа электрондық түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін де биометрия өтуі тиіс.

Банктік шот немесе төлем картасының иесін анықтау мүмкін болмаса, клиентке ақша аударылмайды. Бұл ретте МҚҰ өз клиенттерінің жеке деректерін сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу