Қазақстандықтардың несиесі 20,3 трлн теңгеге жетті

319

Тұтынушылық қарыздар 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

Қазақстандықтардың несиесі 20,3 трлн теңгеге жетті Фото: baq.kz

Қазақстан халқының несиесі 20,3 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан ақпаратта жазылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы қарашада 2,6%-ға ұлғайды. Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 3,0%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды",  делінген хабарламада.

Осы кезеңде бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 28,8%-ға артық. 

"2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 1,8%-ға 6,0 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 11 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,8 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға артық. Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредит берудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бастап нарықтық талаптармен 617,8 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,3%-ға артық. Нәтижесінде олардың үлесі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,3%-дан 34,6%-ға дейін ұлғайды",  деп хабарлады агенттік.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу