Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы артты

138

Бұл көрсеткіш 2024 жылғы 75,44 жаспен салыстырғанда өсім байқалды. 

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы артты Фото: inbusiness.kz

2025 жылы Қазақстандағы халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдыққа қарағанда жоғары – тиісінше 76,63 және 74,81 жас.

Ал гендерлік бөліністе әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 79,8 жас, ал ерлерде 72,19 жас болды. 2024 жыл бұл көрсеткіш тиісінше 79,42 мен 71,33 жасқа жуықтаған.

Өңірлер бойынша ең ұзақ өмір сүру көрсеткіші Алматы қаласында – 78,83 жас, Астана қаласында – 78,78 жас, ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.

Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы – әр жастағы өлім-жітім деңгейі өзгермеген жағдайда, адамның орташа өмір сүретін жылдар саны ретінде есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу