2018 жылдан бастап орташа жас өсті. Ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да орташа жастың өсуі байқалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас,ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу