Қазақстандықтардың салық бойынша қарызы 23 млрд теңгеге жетті

841

Көлік салағы бойынша қарыз – 21,5 млрд теңге. 

Қазақстандықтардың салық бойынша қарызы 23 млрд теңгеге жетті

2021 жылғы бірінші  жартыжылдықта жеке меншіктегі мүлік бойынша салық берешегінің сомасы – 23 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлік салығы бойынша жалпы берешек сомасы 21,5 млрд теңге, оның ішінде негізгі сома – 17,5 млрд теңге, өсімпұлдар – 3,9 млрд теңге. 

"263 802 жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша берешегі – 1,1 млрд теңге, оның ішінде негізгі сомасы 877,1 млн теңге, өсімпұлдар – 269,9 млн теңге.
261 801 жеке тұлғаның жер салығы бойынша қарызы – 409,5 млн теңгені, оның ішінде негізгі сомасы 282,7 млн теңге, өсімпұлдар – 126,8 млн теңге",– деп жазылған хабарламада.

Салық заңнамасы салық міндеттемесінің орындалуын кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептеуді қарастырады, ал айыппұлдарды қолдану заңда көзделмеген.

"Салық міндеттемесі орындалмаған орындалмаған жағдайда, салық органдары салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін салық заңнамасында көзделген әдістерді қолдануға міндетті",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу