Қазақстандықтардың салыққа қарызына 14,6 млрд теңге өсімпұл қосылған

927

СҚО, БҚО және Түркістан облысының тұрғындары салықты уақытында төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың салыққа қарызына 14,6 млрд теңге өсімпұл қосылған

"СҚО-да өсімақы бойынша берешек 900 млн теңге, Түркістан облысында 900 млн теңге, БҚО-да 1,5 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес еліміз бойынша өсімпұл бойынша берешек – 149,6 млрд теңге. Жыл басынан бері ол 33,3 млрд теңгеге немесе 28,6%-ға өскен.

"Ең үлкен өсім Қостанай (2,3 млрд теңге немесе 304,8%), Атырау (3,1 млрд теңге немесе 106,7%) облыстары, Алматы қаласында (22,3 млрд теңге немесе 92,3%) тіркелді, ал Маңғыстау (9,4 млрд теңге немесе 75,3%), Ақмола (1,6 млрд теңге немесе 36,8%), Жамбыл облысында (200 млн теңге немесе 16,7%) өсімпұл төмендеген", - деп жазылған хабарламада.

Өсімпұлдың өсуінің негізгі себебі тұрғындардың салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын уақытында төлемеуі болып саналады.

Айта кетейік, МКК мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептейтінін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу