Қазақстандықтардың саны 18,5 миллионнан асты

1246

Биылғы жылдың бірінші алты айындағы туу көрсеткіші 126,8 мыңды құраған. 

Қазақстандықтардың саны 18,5 миллионнан асты

Қазақстанда әр тоқсан сайын 100 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Ranking.kz таратқан мәліметтерге сүйенсек – бұл көрсеткіш шілде мен қыркүйек арасында жоғары болады екен. 

Елімізде 2019 жылдың бірінші алты айының қорытындысына сәйкес, халық саны 18,51 миллионға жеткен. Аталмыш статистика миграция деңгейімен бірге есептелген. Бұл жыл басымен салыстырғанда 112,4 мыңға жоғары. Ал жылдың бірінші алты айындағы туу көрсеткіші 126,8 мыңды құраған. Тек бірінші тоқсанның өзінде 92 мың бала дүниеге келген. Ең жоғары туу көрсеткіші жыл сайын үшінші тоқсан, яғни, шілде, тамыз, қыркүйек айларына тиесілі. Орта есеппен елімізде тоқсан сайын 100 мың қазақстандық туылады. Ал күніне орта есеппен 1146 –ға жуық сәби дүниеге келеді. 

Осы орайда 2018 жылғы мәліметтерді ұсынамыз: 
Туғандар саны – 411 929 адам;
Қайтыс болғандар саны – 162 536 адам;
Табиғи өсім – 249 393 адам;
Миграциялық өсім – 34 450;

Ерлер: 8 916 371 адам (2018 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша);

Әйелдер: 9 691 708 адам (2018 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу