Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмендеп барады

1562

Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмендеп барады

Ел азаматтарының тауар сатып алу қабілеті 3 пайызға дейін төмендеді. Орташа жалақы елімізде 4,5 пайызға артып, ресми түрде 145 мың теңге деп көрсетілгенмен, қолға түсетін айлық көлемі аз. Қазір азық түлік және түрлі қызметтер бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Сәйкесінше, шығатын шығында көп. Бірақ, қызметкерлердің жалақылары өсіп жатқан жоқ дейді арнайы есептеу жүргізген мамандар. Мәселен, Атырау облысында қажетті тауарды сатып алу мүмкіндігі 11 пайызға дейін азайған. Ал Алматыда 5,2 пайызға тең.

Ғылым саласында және техникалық мамандықтар бойынша еңбек ететіндерде бұл көрсеткіш ең жоғары, яғни 20 пайызды көрсетіп тұр. Бұған ең бірінші кезекте теңге бағамының өзгеруі және импорттың көбеюі әсер етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу