Қазақстандықтардың шілдеде доллар және еуро сатып алу көлемі үш есе өскен

855

Қазақстандықтардың шілдеде доллар және еуро сатып алу көлемі үш есе өскен

Қазақстандықтардың 2017 жылы  АҚШ долларын және еуроны сатып алу шығыстары– әрбір валюта бойынша 34%-ға ұлғайтқан, Ресей рублін сатып алу шығыстары 29%-ға төмендеген, деп хабарлады КазТаг.
Ұсынылған ақпарға сәйкес, 2017 жылғы шілдеде халық нетто-негізде қолма-қол шетел валютасын (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) 196,5 млрд. теңге сомаға сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын сатып алуға (69%) жұмсалды, Ресей рублінің және еуроның үлесі тиісінше 22% және 9% болды.
Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 12%-ға ұлғайды, бұл ретте АҚШ долларын және еуроны сатып алу шығыстары теңбе-тең – әрбір валюта бойынша 34%-ға ұлғайды, Ресей рублін сатып алу шығыстары 29%-ға төмендеді.
Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары (нетто) 1,0 трлн. теңге (АҚШ долларына – 57%, Ресей рубліне – 31%, еуроға – 12%) болды. 2016 жылғы қаңтар-шілдеде қолма-қол шетел валютасын нетто-сатып алу 150 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық банк пікірінше, қолма-қол шетел валютасындағы кірістердің іс жүзінде болмауына байланысты, Қазақстан халқы қолма-қол шетел валютасын таза сатып алушы болып табылады және одан әрі қалады. Сонымен бірге оған деген қажеттілік айтарлықтай және шағын кәсіпкерлер тарапынан сұранысқа, шетелге туристік сапарлар кезіндегі жеке қажеттіліктерге, шет елге ақша аударымдарына, оның ішінде еңбек мигранттарының әкетуіне, сондай-ақ жинақ ақшаның әртараптандырылуына сәйкес айқындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу