Қазақстандықтардың шығыны бір жылда 15%-ға өскен

1345

Шығыстардың 93,3%-ы тұтынушылық шығын болып саналады.

Қазақстандықтардың шығыны бір жылда 15%-ға өскен

2021 жылғы үшінші тоқсанда тұрғындардың жан басына шаққандағы шығысы 206,4 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

2020 жылғы осы кезеңде аталған көрсеткіш 179,5 мың теңге болған, бір жылда плюс 7,3%. 

Шығыстардың басым бөлігі Алматы тұрғындарының үлесінде 2021 жылғы үшінші тоқсанындағы көрсеткіш – 278,4 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артық. Сондай-ақ ең көп шығындар Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 269,3 мың теңге, бір жылда плюс 15,2%) және елордада (252,4 мың теңге, бір жылда плюс 24,1%) тіркелді.

Шығындардың ең көп өсуі Түркістан облысында (141,5 мың теңге), бір жылда 26%-ға артқан.

Атырау және Маңғыстау облыстарында шығындар айтарлықтай өспеген (167,5 мың теңге), 163,6 мың теңге, бір жылда 5,7%. 

Шығындардың 93,3%-ы – тұтынушылық шығын (192,5 мың теңге), өткен жылмен салыстырғанда 15,5%-ға көп. Оның ішінде азық-түлік тауарларының шығыны – 109 мың теңге, азық-түлік емес тауарларының шығыны – 51,3 мың теңге, ақылы қызметтердың шығыны – 32,2 мың теңге. 

Кредиттер мен қарыздарды өтеу шығыны 9,8 мың теңге, туыстарына материалдық көмек көрсету және алименттер – 3,7 мың теңге, салықтар және басқа да төлемдер – 395 теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу