Қазақстандықтардың табысы азайды

120

Отандастарымыздың нақты жалақысы инфляцияның әсерінен 2%-ға азайды.  

Қазақстандықтардың табысы азайды Фото: gov.kz

2025 жылдың үшінші тоқсанында елімізде жалдамалы қызметкерлердің саны 3,7 млн адамға жетті. Орташа айлық жалақы 429,3 мың теңге болды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Алайда, бағаның өсуін ескергенде, нақты табыс төмендеген, деп жазады inbusiness.kz сайты LS порталына сілтеме жасап.

Ең көп қызметкер білім беру саласында жұмыс істейді – 1,1 млн адам. Мұнда айлық орташа 290,9 мың теңге болса да, нақты табыс 4,7%-ға азайған. Өнеркәсіп қызметкерлері орта есеппен 622,3 мың теңге алады (+11%), бірақ олардың да нақты жалақысы 1,2%-ға төмен. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласында да жағдай ұқсас: айлық – 328,5 мың теңге (+5%), нақты – минус 6,5%.

Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласындағы қызметтерді көрсетушілерде тіркелді – орташа 1,5 млн теңге (+33,4%). Одан кейін теңіз және жағалаудағы көлік саласы мен бизнес-консалтинг келеді – 1,3 млн теңгеден. Ең төмен жалақы – балық шаруашылығында, 141,8 мың теңге (+9%), нақты жалақы – минус 2,9%.

Аймақтар арасында ең жоғары табыс Маңғыстау (606,1 мың теңге) мен Атырау облыстарында (602,7 мың теңге) байқалғанымен, екі өңірде де нақты жалақы төмендеген – тиісінше 4,2% және 15,2%-ға.

Алматыда жалақы 15,9%-ға өсіп, 546,2 мың теңге болды (реалды өсім – 2,6%), Астанада – 569,6 мың теңге (+13%, нақты – 0,1%). Ал Шымкент елдегі ең төмен жалақы төленетін бес аймақтың бірі болып отыр – 336,7 мың теңге, нақты өсім – минус 3,1%.

Медиандық жалақы – яғни халық табысының ортасы – 302,6 мың теңге болып, бір жылда 10%-ға артқанымен, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу