Қазақстандықтардың тұтынушылық белсенділігі қалпына келіп жатыр

733

Елде эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты тұрғындардың тұтынушылық белсенділігі қалпына келіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың тұтынушылық белсенділігі қалпына келіп жатыр

Биыл шілде-тамызда белсенділік біршама баяулағаннан кейін бөлшек сауда айналымының өсу қарқыны қалпына келген, ал 2021 жылғы қыркүйекте көрсеткіш жылдық мәнде 5,6% болды. 

"Бөлшек сауда айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар айналымының өсу аймағына бір мезгілде шығуымен тамақ өнімдері саудасының неғұрлым белсенді серпіні байқалды. Ішкі сұраныстың серпінді қалпына келуі номиналды және нақты кірістің өсуімен нығайды. 8 айда номиналды кірістің өсуі 12,9%, нақты өсу 4,9% болды. Жоғары сұраныс тұтынушылық тауарлар импортының өсуіне әсер етеді", – деп жазылған хабарламада.

2021 жылғы 8 айда тұтынушылық импорт 23,9%-ға өсіп, 7,7 млрд доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу