Теңге бағамының валюталық тұрақсыздануына қарамастан, қазақстандықтар ұлттық валютадағы салымдарын арттыруды жалғастыруда. Теңге депозиттері бойынша жылдық мөлшерлеме сыйақысы 1 жылда 8,0-ден 13,2%-ға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ranking.kz мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың шілде айындағы жеке тұлғалардың мерзімді және шартты салымдары 1,9%-ға артты, бір жылдық өсім 8,0%, 7,19 трлн теңгені құрады. Тұрғындардың жартысынан көбі жинақ қорын шетел валютасында ұстайды - 52,8 % немесе 4,18 трлн теңге, шілде айындағы өсім 2,0%, мұндай салымдар көлемі бір жыл ішінде 12,4%-ға төмендеді. Өткен айда шетелдік валютадағы салымдарының үлесі 58,1% құрады, бір жыл бұрын - 71,7% болған. Оның үстіне ұлттық валюта салымдары тұрақты өсім көрсеткішіне ие, шілде айындағы өсім 1,9%, 3,01 трлн теңгеге дейінгі соманы құрады. Бір жылда теңге депозиттері 54,9% артты.
Ұлттық валютадағы жеке тұлғалар салымы көлемі өсімінің оң көрсеткішіне мынадай депозиттердің жоғары мөлшерлемелері ықпал етеді. Жеке тұлғалар депозиттері бойынша теңгедегі сыйақы мөлшерлемесінің мерзімі 1 жылға дейін 2017 жылдың шілде айында 12,2% құрайды, өткен ай мен өткен жылда - 12,6 %, осы уақыт аралығында ҚҰ ҰБ мәлметтері бойынша, шетел валютасындағы депозиттер мөлшерлемесі осындай жағдайда бір жыл ішінде 2,4%-дан , 1,5%-ға дейін төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттердің жылдық өсімі бойынша Kaspi Bank көш бастап тұр, мұндай салымдардың 2016-2017 жылдардың шілде айындағы қоржыны 211,9 млрд. теңгеге (71,3%), 509,1 млрд. теңгеге өсті. Сараланымдағы жылдық мөлшерлеме сыйақысы 8,0-ден 13,2%-ға дейін түрленеді. Ең жоғарғы мөлшерлеме АТФ Банкте - 13,2%, одан кейін Еуразия банкі - 13,1% және Цесна Банкінде- 13,0%.