ҚР сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына визалық режимді жеңілдетуі үшін Ұлыбританиямен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның корольдіктегі елшісі Ерлан Ыдырысов, деп мәлімдеді деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Ұлыбританиямен диалог жүргізуге ниет бар. Бұл ел Қазақстанды ашық ел деп таниды, бізде 2015 жылдан бері визасыз режим бар (Ұлыбритания азаматтары үшін): британдықтар Қазақстанда 30 күнге дейін жүре алады. Қазір біз азаматтарымыздың Ұлыбританияға баруын жеңілдету мәселесін көтеріп жатырмыз", - деді бүгін Ерлан Ыдырысов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл үшін арнайы келіссөздер жүргізу қажет, біз өзімізге осындай міндет қойып отырмыз. Менің ойымша, жағдай жақсы жаққа қарай өзгереді ", - деді Ыдырысов.