Қазақстандықтардың вакцинация паспорттарына өзгерістер енгізіледі

914

Қазақстан азаматтарды вакцинациялауға арналған электрондық паспорттардың деректерін кеңейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап. 

Қазақстандықтардың вакцинация паспорттарына өзгерістер енгізіледі

eGov mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде электрондық "вакцинация паспортының" жаңа нұсқасы ұсынылды.

"Электрондық құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы Тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде пациенттің вакцинациядан өткені туралы дербес деректердің таралуын қорғау мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (деректердің бір бөлігі *белгіленген) пациенттің вакцинациясы туралы деректері бар бетке көшу жүзеге асырылады", – деп жазылған хабарламада.

Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ EGOV mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде орналастырылған вакцинациялаудың электрондық паспортын ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамның вакцинациясын растау үшін медицина қызметкері медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінен басып шығарған қағаз жеткізгіштегі анықтаманы ұсыну мүмкіндігі бар.

Азаматтарға вакцинациялаудың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін 3 тілде қолжетімді электрондық құжат беріледі

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу