Қазақстандықтардың зейнетақы активі 18,4 трлн теңгеге жетті

303

Жалпы халықаралық резервтер – 96,4 млрд доллар.

Қазақстандықтардың зейнетақы активі 18,4 трлн теңгеге жетті Фото: canva.com

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында теңге бағамының динамикасына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның дерегінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері оң динамиканы көрсетіп отыр. 

"Осы жылдың басынан зейнетақы активтері 18,4 трлн теңгеге дейін немесе 3,6%-ға өсті. Инвестициялық табыс көлемі – 351,1 млрд теңге. Зейнетақы жарналары – 396,4 млрд теңге, ал жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 66,5 млрд теңге болды", - деді Ұлттық Банк басшысы.

Биылғы ақпан айының соңында жалпы халықаралық резервтер 96,4 млрд долларды құраған.

"Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері алтын сатып алуға байланысты жыл басынан 36,2 млрд долларға дейін немесе 0,5% ұлғайды. Ұлттық қордың активтері жыл басынан 0,3 ұлғайып, 60,2 млрд долларды құрады. Ақпан қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 1,44% немесе 0,87 млрд доллар болды. Жыл басынан қорға түсетін түсімдер сомасы 912 млрд теңгені, оның ішінде ұлттық валютада 184 млрд теңгені құрады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 1 трлн теңге болды", - деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу