Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражаты 24 трлн теңгеден асты

112

Халықтың жинағы 12 айда 4,60 трлн теңгеге немесе 22,7% артқан.  

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражаты 24 трлн теңгеден асты Фото: ktk.kz

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  24,84 трлн теңгеден асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың 1 тамызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,62 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 21,1%.  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 704,72 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,0%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (36,0%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша көлемі 9,06 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 тамызына 506,66 млрд теңге болды.

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.

2025 жылдың 7 айында салымшылардың зейнетақы шоттарына 1,84 трлн теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 18,4% немесе 286,31 млрд теңгеге артық).

Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 тамызына 1 508,32 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 10,5% ұлғайды), МКЗЖ – 78,97 млрд теңге (өсім – 19,6%), ЕЗЖ – 1,51 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 7 айында ЖМЗЖ 249,38 млрд теңгені құрады.

2025 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 965,18 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 58,6% немесе 356,54 млрд теңгеге көп.

"Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 563,03 млрд теңге. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 21,8% ұлғайып, 01.08.2025ж. 139,52 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 683 теңге", – делінген БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Жыл басынан бері 01.08.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 41,32 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 23,77 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,85 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды.

Сақтандыру ұйымдарына 189,36 млрд теңге аударылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу