HeadHunter (hh.kz) компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтарда жаз мезгіліне арналған бірыңғай жоспар жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Зерттеуге еліміздің әртүрлі өңірлерінен 370-тен астам қазақстандық қатысты. Сонымен зерттеу нәтижесі мынадай болды.
Қазақстандықтар үшін жаздың мәні қандай?
- 34% – барлығы жылға байланысты: кейде демалады, кейде жұмыс істейді;
- 32% – жаз десе, бірден демалыс пен тынығу еске түседі;
- 31% – бұл кезең қарқынды еңбек уақыты;
- 24% – тыныш, баяу еңбек етуге мүмкіндік;
- 14% – қайта ойланып, күзгі жоспарлар жасау уақыты;
- 2% – "басқасы" деген нұсқаны таңдады.
Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қорытынды:
Қазақстандықтардың жазға деген көзқарасы әртүрлі. Бірінші кезекте – жеке көзқарас: 34% жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Демалыс пен қарқынды жұмыс шамамен тең дәрежеде – тиісінше 32% және 31%. Бұл жаз мезгілі жиі демалыс уақыты емес, қайта жаңғыру, жұмыс және жеке жоспарлар арасында таңдау жасау кезеңіне айналып бара жатқанын білдіреді.
Биыл жазда демалуды жоспарлап жүрсіз бе?
- 26% – жоспарланғанымен, нақты мерзімдері әлі белгісіз;
- 21% – демалыс мерзімі алдын ала белгіленген;
- 24% – мүлдем демалуды жоспарламайды;
- 19% – сәті түссе, мүмкін демала жатармыз;
- 14% – тек қысқа мерзімді үзілістер;
- 1% – басқасы.
Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қорытынды:
Тек әр бесінші қазақстандық қашан және қалай демалатынын нақты біледі. Қалғандары жоспарлау процесінде немесе демалыс алу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. 24% респондент демалуды мүлдем жоспарламайтынын айтты. Бұл жағдай жоғары еңбек жүктемесі, кәсіби мақсаттар немесе ресурстардың тапшылығынан туындауы ықтимал. Одан бөлек, 14% қатысушылар қысқа мерзімді үзілістерді – микродемалысты – таңдады.
Қорытынды: демалыс енді жаздың міндетті бөлігі ретінде қаралмайды.
Демалысты қайда өткізуді жоспарлап отырсыз?
- 26% – өз елінің аумағында;
- 20% – басқа елде;
- 18% – өз қаласында;
- 18% – демалысты жоспарламайды;
- 16% – әлі нақты шешкен жоқ;
- 10% – ел ішінде де, шетелде де сапарларға кезек береді;
- 1% – басқасы.
Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қорытынды: Ішкі туризм тұрақты көшбасшы болып табылады: 26% респондент Қазақстан бойынша саяхаттауды жоспарлап отыр. Шетелге сапарға 20% қызығады – бұл шамамен әр бесінші адам. Дегенмен, өз қаласында қалуды жоспарлайтындар бар (18%), сондай-ақ мүлде демалыс жоспарламайтындар да бар (18%). Таңдау жасай алмай жүргендер 16%. Бұл келесі фактіні дәлелдейді: демалыс туралы ойлайтындардың арасында да ортақ пікір жоқ – демалыс үлгілері әртүрлі және жеке жағдайларға тәуелді.
Жазда сіздің жұмыс ырғағыңыз қалай өзгереді?
- 29% – жиі өзгеріссіз қалады;
- 22% – басқа маусымдардағыдай икемді жұмыс істеймін;
- 21% – жұмыс жүктемесі артады;
- 20% – жайлырақ болады;
- 17% – әріптестердің демалыстары салдарынан қиындайды;
- 1% – басқасы.
Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қазақстандықтардың үштен бір бөлігінің жаз айларындағы жұмыс ырғағы тұрақты болып қалады. Қазақстандықтардың 22%-ында икемді жұмыс форматы сақталуда, бұл қашықтан және жоба бойынша жұмыс түрлерінің өсуін көрсетуі мүмкін. 21%-ында жаз айларында жұмыс жүктемесі, керісінше, артады – яғни әрбір бесінші адам іскерлік белсенділіктің жоғары маусымына кіреді. Жұмыс ырғағының төмендеуін тек әрбір бесінші адам (20%) сезінеді. Жаз көпшілік үшін жеңілдік әкелмейді – жұмыс ырғағы жоғары деңгейде сақталып отыр.
Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтар жаз маусымын әртүрлі қабылдайды – ол еркіндік пен бейімделу ортасы ретінде қарастырылады.
Негізгі қорытындылар:
- 34%-ы жағдайға қарай әрекет етіп, демалу немесе жұмыс істеуді таңдайды;
- тек 21%-ы қашан және қалай демалатынын дәл біледі;
- 24%-ы мүлдем демалыс жоспарламайды;
- 26%-ы ішкі туризмді таңдайды;
- 29%-ы жаз маусымындағы әдеттегі ырғағын сақтайды, ал 21% үшін ол тіпті шиеленісе түседі.
Жұмыс нарығы үшін бұл айқын белгі: жаз "өлі кезең" болуды тоқтатты. Жұмыс істеу, демалу немесе жаңа көзқарас қалыптастыру – әркім өзі таңдайды, және мұнда Қазақстандағы өмір мен мансаптың жаңа сапасы жатыр.