Қазақстандықтардың жеке деректерін жария еткендерге салынатын айыппұл көлемі өседі

562

Қазақстанда жеке деректерді жария еткендердің жазасы күшейтіледі. 

Қазақстандықтардың жеке деректерін жария еткендерге салынатын айыппұл көлемі өседі Фото: gov.kz

Бұл туралы салалық министрліктегі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлімдеді. Оның айтуынша, айыппұл көлемі бірнеше есеге өседі.

Қазір жаза 10-500 айлық есептік көрсеткіш арасында екенін еске салайын. Бұл шара жеке деректердің ұрлану фактісін азайтады,-дейді маман.

Сарапшының сөзінше, былтыр қолданушылардың жеке деректері туралы 11 млн жазба қолды болған. Жеке деректердің таралуына байланысты 8 бизнес субъектісі және 15 жеке тұлға жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, дербес деректерді өңдеу операторлары тарату фактілерін бірден меморгандарға хабарлауға міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу