Қазақстандықтардың жеке мәліметі желіде жарияланды

2185

Алаяқтар бұл деректерді жеке мақсатына пайдалануы мүмкін.

Қазақстандықтардың жеке мәліметі желіде жарияланды

Ел тұрғындарының интернет-сервистердегі жеке мәліметі желіде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz KZ-CERT компьютердегі оқиғаларға жауап қайтару қызметіне сілтеме жасап.

"Словакияның ұлттық киберқауіпсіздік орталығымен жасалған меморандум аясында KZ-CERT компьютердегі оқиғаларға жауап қайтару қызметіне пайдаланушылардың жазбалары туралы ақпарат түскен. Олар жеке компьютерлерден зиянды "Snake Keylogger" бағдарламасы арқылы алынған", – деп жазылған хабарламада.

Деректерді талдау барысында онда әртүрлі интернет-ресурстарда және танымал сервистерде авторизациялау үшін пайдаланылатын 131 жұп бірегей логин/паролі бар 28 565 дерек анықталды. Жария етілген деректердің басым бөлігі өзектілігін жоғалтқан, ал кейбірі сервистерде екі факторлы авторизациядан өту қажет.

"Негізінен Mail.ru, VK.com, Faberlic, Lamoda, Chocofood, Pinterest, Apple ID және тағы басқа танымал интернет-сервистердегі жеке кабинеттердің авторизация дерегі жарияланды. Сондай-ақ олардың арасында корпоративті электронды пошта деректері, ломбардтар қаржылық операцияларды жүргізу үшін пайдаланатын есептік жазбалары да болған", – деп жазылған хабарламада.

Мұндай деректерді алған адам сіздің атыңыздан алаяқтық жасауы мүмкін. Ол бұл ақпараттарды пайдалана отырып, жәбірленушінің банк картасындағы ақшаны алуы және бірнеше қаржы ұйымдарынан кредит алуы да ықтимал.

KZ-CERT ұйымдарға клиенттердің жеке деректері жарияланғаны туралы хабарлама жіберген.

"Snake Keylogger" – модульдік кейлоггер немесе зиянды бағдарлама. Ол компьютердегі деректерді ұрлау үшін пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу