2016 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтардың мерекелерге байланысты қай күндері демалатынын e-gov дереккөзіне сүйеніп 24 Хабар жазып отыр.
ҚР Тұңғыш Президентінің күні 1 желтоқсан бейсенбіге тура келеді. 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстанның Тәуелсіздігі күні жұма мен сенбіге сәйкес келгендіктен, мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, 17 желтоқсандағы мерекелік демалыс 19 желтоқсанға ауыстырылады. Жаңа жылды қарсы алу мерекесі сенбіге тура келеді. Сөйтіп, Қазақстан азаматтары сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда, 12 күн демалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу