Қазақстандықтарға 1,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

484

1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 299 мың адам.  

Қазақстандықтарға 1,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді Фото: gov.kz

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР еңбекминге сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу