Қазақстандықтарға 1414 нөмірі бойынша тегін заңгерлік көмек көрсетіледі

Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде кезекті қызмет іске қосылады.  

Қазақстандықтарға 1414 нөмірі бойынша тегін заңгерлік көмек көрсетіледі Фото: atameken.kz

ҚР Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР кезекті қызметті іске қосады.

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, Бірыңғай байланыс орталығының базасында 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да кеңес беріледі.

Осыған байланысты, кез келген адам 1414 нөміріне қоңырау шалуына болады. Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторына және стационарлық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу