Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат – фейк

571

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге көлемінде төлем жасалады деген ақпарат тарап жатыр.  

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат – фейк Фото: mvd.gov.kg

Бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қаражат алу үшін белгісіз тұлғалар азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтуді ұсынады. Алайда, уәде етілген төлем түрі мемлекет тарапынан қарастырылмаған.

Министрліктің хабарлауынша, мұндай сілтемелер алаяқтар тарапынан жеке деректерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.

"Мемлекеттік органдар азаматтарды мұндай ақпаратқа сенбеуге және сілтемелерге өтпеуге шақырады. Ресми мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарламалар тек 1414 нөмірінен жіберілетін SMS арқылы таратылады", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу