Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметін енді ақылы түрде шақыруға болады, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғинияттың айтуынша, ақылы бригадалар коронавирусқа күдігі бар немесе тұмаумен ауырғандарды қарап, олардан сынама алу үшін барады. Тест бір рет алынады және оның нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі.
Ал, коронавирус анықталған науқастарды бақылау үшін арнайы мобильді бригадалар жасақталады. Бүгінде елімізде осындай 380-і қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта олардың санын 3 мыңға дейін жеткізу көзделген. Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынған. Олардың алғашқы легі шілде айында жұмысқа кіріседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу