Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды

93

Бас прокуратура бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған жаңа интернет-алаяқтық схемасы туралы хабарлады.  

Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды Фото: sud.ua

Қаскөйлер iPhone қолданушыларына iCloud жады толды деген жалған хабарламалар жіберіп, аккаунт бұғатталуы немесе файлдардың жойылуы мүмкін екенін айтып алдауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Хабарламалар ресми сервистердің ескертулеріне ұқсас жасалып, қолданушыларды сілтеме арқылы өтуге итермелейді. Сілтемелер фишингтік сайттарға өткізіп, онда енгізілген логин, құпиясөз және банк деректері ұрлануы мүмкін.

Мұндай тәсіл Google Drive және басқа да бұлттық сервистер атынан да қолданылуы ықтимал.

Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақпаратты тек ресми қосымшалар арқылы тексеруге, жеке деректерді бөгде сайттарға енгізбеуге және екі факторлы аутентификацияны қосуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу