"Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чиптер табылды"

11544

Желіде Қазақстанның барлық тұрғынына арналған "видеоескерту" тарауда. 

"Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чиптер табылды"

Роликтің авторы чиптері бар шприцтерді көрсетіп, адам мұндай вакцинациядан кейін "адам бірден тозаққа түседі" дейді. Stopfake.kz бұл видеода айтылған ақпараттың жалған екендігін хабарлайды. 

"Шын мәнінде, ролик авторының көрсеткені жануарларды чиптеуге арналған жүйелер. Оны кадрда көрінетін қаптамадағы жазудан білуге болады: Animal ID, ICAR Certified. Шприцтердегі дәл осындай чиптерді Интернет-дүкендер мен дәріханалардан оңай табуға болады. Сипаттамада олар ірі қара мен ұсақ малдарға арналған деп жазылған. Құрылғылар жануарларға тері астына енгізіледі және ақпарат беретін "паспорт" қызметін атқарады. Бұл шекарадан өткізілетін жануарлар үшін міндетті. Кейбір елдерде иелері мемлекеттен тыс шығаруды жоспарламаса да кез келген үй жануарын чиптеу қажет. Сондай-ақ, COVID-19 вакцинасының бір дозасын сатып алып, оны үйге әкелу мүмкін емес екенін атап өткеніміз жөн",– дейді фейктерді әшкерелеушілер.

Айта кетсек, жаппай вакцинациялау науқаны әзірге тек Ұлыбритания мен АҚШ-та ғана басталды, онда екпе пациенттерге тек медициналық мекемелерде ғана егіледі. Қазақстанда азаматтарды вакцинациялау әлі басталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу