Қазақстандықтарға әзірге Қытайға бармауға кеңес беріледі - ДСМ

676

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Қазақстандықтарға әзірге Қытайға бармауға кеңес беріледі - ДСМ Фото: ravelsoul.ru

Коронавирус індетінің ушығуына байланысты ҚР азаматтарына Қытай Халық Республикасына барудан бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz министрлікке сілтеме жасай отырып.

"Министрлік біздің елге кірген Қытай азаматтары үшін күшейтілген немесе басқа да шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отырған жоқ", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қытайда коронавирус ауруының ушығуына байланысты бірқатар мемлекеттер қытайлықтар үшін жаңа кіру ережелерін белгілегені айтылды. Атап айтқанда, АҚШ, Франция, Аустралия, Канада Ұлыбритания, Жапония, Үндістан Қытайдан келген адамдар үшін міндетті COVID-19 сынақтарын және басқа ережелерді енгізді.

Ал Марокко болса, Қытайдан келген барлық саяхатшыларға кіруге мүлдем тыйым салатын ең қатаң шаралардың бірін қабылдады.

Бүгінгі күні Шанхайдағы Денсаулық сақтау мекемелеріне күн сайын індетке шалдыққан мыңдаған науқас күнделікті түсуде, олардың көпшілігі 65 жастан асқан адамдар.

Қазақстанда желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда COVID-19 ауруының 2,3 есе өсуі байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу