Қазақстандықтарға Cambridge English емтиханына дайындалуға мүмкіндік туды

660

ambridge English халықаралық емтиханының IELTS немесе TOEFL емтихандарынан артықшылығы - жарамдылық мерзімі бойынша шектеуі жоқ.

Қазақстандықтарға Cambridge English емтиханына дайындалуға мүмкіндік туды

Енді қазақстандықтардың Cambridge English емтиханына дайындалуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын аталған емтиханды әлемнің 170 елінде 5 миллион адам тапсырады. Бұл ағылшын тілін үйрету тәсілін осыдан 107 жыл бұрын Кембридж университеті құрастырған. Cambridge English халықаралық емтиханының IELTS немесе TOEFL емтихандарынан артықшылығы - жарамдылық мерзімі бойынша шектеуі жоқ.

Cambridge English емтиханының қазақстандықтарға қандай пайдасы бар? Аталған сертификат әлемнің 25 000 университетіне түсуге ғана емес, жетекші халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға да мүмкіндік береді.

"Университет үшін студенттер мен тыңдаушыларға оқу процесінде алған тілдік дағдылары болашақ мансабы үшін пайдалы болуы маңызды. Cambridge Assessment English Official Exam Preparation Centre мәртебесін алу заманауи білім беріп, жоғары сапаға назар аударатынымызды дәлелдейді",– дейді университеттің Жоғары гуманитарлық мектебінің директоры Анар Ибраева.

KAZGUU Universiteti Қазақстандағы Cambridge English емтиханына дайындайтын ресми орталық мәртебесіне ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу